ТӘЖІРИБЕЛІК – ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ Астана 2012ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК – ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ Астана 2012ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК – ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ Астана 2012ж.

«Астана медицина университеті» АҚ


Форма№ САӘҚ 07.01.23-8

Шығарылған күні:

Жалпы және биологиялық химия кафедрасы

Тексеріс күні:

Тексеріс #:

4 бет 4






ТӘЖІРИБЕЛІК – ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ






Тақырыбы№14: α– Аминоқышқылдар, химиялық қасиеттері. Пептидтер. Белоктар.


Сағат саны:3


Курс:1


Мамандығы: Стоматология.











Құрастырушы: х.ғ.д., профессор А. Ж. Сейтембетова

х.ғ.к., доцент Н.М. Исмагулова

оқытушы Ш.А. Мадиева









Астана 2012ж.

Тақырыбы:α– Аминоқышқылдар, химиялық қасиеттері. Пептидтер. Белоктар.


Мақсаты: Аминоқышқылдардың ішкі комплекстік тұздарының түзілуін, этерификация, дезаминдену, және декарбоксилдену реакцияларын, пептид түзілу және белоктардың құрылым бірлестіктерін оқып білу.

Оқыту мақсаты: Студент- аминоқышқылдардың құрылысы мен қасиеттерін, аминоқышқылдардың жіктелуі мен номенклатурасын стереохимиялық қатар бойынша энантиомерлерді анықтауды (глицерин альдегид бойынша), кето – енолды таутомерияны, аминоқышқылдардың декарбоксилдеуін және реакцияның өнімінің атауын, пептидтер түзуді студент білуі керек.


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Аминоқышқылдар: құрылысы, номенклатурасы. Қышқылдық ­ негіздік қасиеттері.

2.Әртүрлі көрсеткіштерге байланысты аминоқышқылдарының классификациясы.

А) Радикалдардың табиғатына және ондағы орынбасарларға.

Б) Радикалдардың полярлығына.

В) Қышқылдық – негіздік қасиеттеріне байланысты.

3. a- Аминоқышқылдарының кетоқышқылдарда түзілетін биосинтездік жолы: тотығу реакциялары, аминденуі және трансформациялануы.

4. Гетерофункциялық қосылыс ретінде аминоқышқылдарының химиялық қасиеті:

А)Ішкі комплексті тұздардың түзілуі

Б)Этерификация реакциясы

В)Ацилдену және алкилдену

Г)Формальдегидпен реакциялары және азотты қышқылдармен әрекеттесуі

5.Биологиялық маңызды a- аминоқышқылдары:

а)Дезаминирлену реакциясы

б)Гидрооксилдендіру реакциясы

в)Биогенді аминдерді және биорегуляторларды (коламин,гистамин,триптамин,серотонин,кадаверин)a- аминоқышқылдары.

6. Пептидтер. Пептидтік топтың кеңістіктегі және электрондық құрылысы.

7. Белоктар. Физико – химиялық қасиеттері.

8. Белоктардың біріншілік құрылымы. Толық және жартылай гидролиз.

9. Белоктардың біріншілік құрылымын анықтайтын a- аминоқышқылдарының реакциялары.

10 Белоктың екіншілік, үшіншілік және төртіншілік құрылым бірліктері.

11. Күрделі белоктар туралы түсінік.


Білім берудің және оқытудың әдістері: Зертханалық сабақ (зертханалық тәжірибелер, жұмыстың анализі және қорытындысы).

Лабораториялық жұмыстар:

Глициннің нингидридпен реакциясы.

Пробиркаға 4тамшы 1% глицина ерітіндісін және 2 тамшы0,1% нингидринерітіндісін құямыз. Пробиркадағы қоспаны көкшіл-қызыл түс пайда болғанша қыздырамыз.


Глициннің азотты қышқылмен әрекеттесу реакциясы.

Пробиркаға 5 тамшы 1% глицина ерітіндісін және сонша көлем 5% натрийнитриті ерітіндісін құямыз. 2 тамшы конц. Сірке қышқылын қосамыз және абайлап шайқаймыз. Газдың бөлінуі байқалады.


α– аланинның қасиеттері.

1. Пробиркаға 5 тамшы 1% α-аланиннің ерітіндісін және тамшылап 0,1% хлорсутек қышқылын қосамыз и көк түске боялған конго индикаторы ақшыл- қызыл түске боялады.

2. Пробиркаға 5 тамшы 1% α-аланиннің ерітіндісін және боялған фенолфталеин түссізденгеше дейін, тамшылап 0,1% натрий гидроксидін құямыз.


Тирозинге ксантопротеин реакциясы

Пробиркаға 5 тамшы 1% тирозин ерітндісін және 3 тамшы конц. азот қышқылын құямыз. Сары түсті тұнба пайда болғанша ерітіндіні қыздырамыз. Пробирканы суытамыз, оған қызыл сары түс (оранжевый) пайда болғанша тамшылап аммиак ерітіндісін қосыңыз.


Пептидтік байланысқа биурет реакциясы

Пробиркаға 5-6 тамшы жұмыртқа белогының ерітіндісін құямыз, сонша 10% натрий гидроксид ерітіндісін қосамыз және пробирканың қабырғасынан 1-2 тамшы мыс (II) сульфатын құямыз. Қызыл күлгін түс пайда болады.


Белоктарға ксантопротеин реакциясы

Пробиркаға 10 тамшы жұмыртқа белогының ерітіндісін және 2 тамшы конц. азот қышқылын құямыз. Пробирканы шайқай отырып, қыздырамыз. Ерітінді және тұнба сары түске айналады. Пробирканы суытып, абайлап ашық- қызғылт сары түс пайда болғанша 1-3 тамшы 10% натрий гидроксидін қосамыз.


Құрамында күкірт бар α-аминоқышқылдарға сапалық реакция

Пробиркаға 10 тамшы В пробирку поместите 10 капель раствора жұмыртқа белогының ерітіндісін және екі есе көлемі үлкен 10% натрий гидроксидін құямыз. Пробирканы қайнағанға дейін қыздырамыз.

Алынған сілті ерітіндіге 5 тамшы 10% қорғасын (II) ацетататын қосып, қайтадан қайнатамыз. Қара тұнба түзіледі.


Әдебиеттер:

  1. Дәріс конспектісі.

  2. Сейтембетов Т.С. Химия. Астана, 2010

  3. Патсаев Ә.Қ. Биоорганикалық химия. Алматы,2004.

  4. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.И. Биоорганическая химия. М., Дрофа, 2005.

  5. Патсаев Ә.К., Шитыбаев С.А. Бейорганикалық және физ.коллоидтық химияның тәжірибелік-зертханалық сабақтарына қолданба. Шымкент, 2006 .

  6. Патсаев Ә.К., Дәуренбеков К.Н. Биоорганикалық химия пәнінен тәжірбиелік-зертханалық сабақтарына қолданба. Шымкент, 2006 .

  7. Руководство к лабораторным занятиям по биоорганической химии под ред. Н.А. Тюкавкиной. М., Дрофа, 2000.

  8. И.И. Грандберг “Органическая химия”. М., Высшая школа, 1987, гл. 16.


Бақылаусұрақтары:

1. Лизин мен гистидиннің декарбоксилдік және дезаминдік реакцияларын жаз.

2. Лиз – ала – вал – сер – гиспентапептидін жаз. Реакция ортасын анықта.

3. Аланиннің - кетоглутарқышқылымен трансаминдікреакциясын жаз.

4.вал – глу – фен – асп – мет пентапептидін жазыңыз. Сулы ерітіндідегі зарядын анықтаңыз.