XREFF.RU


1)Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу, ойлау мәдениетінің...



Если Вам понравился сайт нажмите на кнопку выше
1)Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу, ойлау мәдениетінің...

1)Философия – ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу, ойлау мәдениетінің...


1)Философия– ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас және ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу, ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.

Философия деген не? Дүниеге қашан пайда болды? Қалай дамыды? Философия бұдан бірнеше мың жыл бұрын Қытайда, Үнді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұдан 2500 жыл бұрын (б.з.д. V ғасыр шамасында) Афин қаласындағы грек демократиясында классикалық түрге ие болып, ерекше білім ретінде қалыптасты.

Дүние қалай жаратылған, бастамасы қайда; Ол мәңгілік пе? Адам дегеніміз не, оның дүниедегі орны қандай? Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде? Өмір сүрудің мәні бар ма? Адам өмірінің мәні неде? Адам баласы қалай пайда болды? Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма? Адам мен жануарлар өмірі және олардың қатынасы қалай? Олардың өмір сүру ортасы деген не? Осындай «мәңгілік» сұрақтарға жауап іздеу - философияның міндеті. Екіншіден, адамның дүниеге қарым-қатынасы сан-қилы. Осыған сәйкес адамның көзқарасы да әртүрлі. көп. Олардың себебін біліп, ажырата білу де керек. «Дүниеге көзқарас» термині ғылым тіліне, күнделікті сөзге терең енді. Ол алғашқы рет XVIII ғ. неміс философиясы мен мәдениетінде

(Кант, Фихте, Гете) кездеседі, адамға тән, оны іштей реттеп отыратын, рухани құрылымды белгілейді. Дүниеге көзқарасты анықтаудың ең жақын әдісі – білім мен құндылық қатынасты байланыстыру. Мазмұны тұрғысынан, ол адамның дүниеге және сол дүниедегі адамның орнына қатысты көзқарас, тұтастыққа ие болған жүйе. Байқау, сезу және ойлау арқылы пайда болатыны білімге байланысты.

Көзқарастың түрлері:

  1. Жай немесе қарапайым көзқарас, күнделікті өмір қажетінен туған білім мен құндылықтар жиынтығы.

  2. Теориялық көзқарас - белгілі бір тәртіпке келтірілген, жүйеге салынған көзқарас.

  3. Ғылыми-теориялық көзқарас; дін - теориялық, бірақ ғылыми емес.

Философияны ғылым ретінде қарағанда, одан дүниетанымдық, теориялық, әдістемелік (жалпы ғылым әдісі ретінде немесе жеке ғылымдардың әдісі туралы) мазмұндарды ажыратуға болады. Олар табиғатты, қоғамды, адам санасын тұтас бір құбылыс ретінде алып, бәріне ортақ жалпы заңдылықтарды ашып, объективтік шындық жөнінде негізгі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Болып жатқан белгілі бір жағдайларды жаңаша танып байқау, белгілі тәртіпте ұғынуды ұсынады. Көзқарас әр түрде әр адамда өзінше қалыптасады. Былайша айтқанда, (прогрессивтік, реакциондық кертартпалық),консервативтік,интернационалдық,патриоттық,гуманистік(адамгершілік),ғылыми-сипаттарда көрініс береді.

Көзқарас дегеніміз - дүниеге белгілі бір түсінікпен қарау. Көзқарас болу үшін сана, оның жетілуі үшін білім керек. Ол неғұрлым көп білу, ынталану арқылы жүреді. Көзқарас - негізінен әртүрлі дәрежеде қалыптасады.

Көзқарастың тарихи түрлері: Миф, дін, философия.Дүниеге көзқарастың тарихи алғашқы түрі- миф (аңыз, ертегі). Мифология (гр mythos - аңыз, logos - ілім) қоғамдық сананың түрі. Дүниені түсінудің бұл архаикалық түрі - біздің ертедегі бабаларымыздың өмірінде маңызды рөл атқарды, алғашқы қауым адамын табиғатпен үйлесімді біріктіре білді, рулық өмірді реттеп отырды. Миф - қоршаған ортаны қиял, керемет, ғажап ретінде қабылдауға мүмкіндік берді. Миф - мына негізгі сұрақтарға жауап беруге тырысады: әлемнің пайда болу жолдары, жер және адам қатынасы, табиғи құбылыстар, оларды түсіну, мәнін ашу, адам тағдырының көзі, адам қызметі мен оның табыстары, намыс пен ар мәселесі, қарыз бен борыш, этика және өнегелік, т.б.

Мифтің ерекшелігі: табиғатқа адамның өз қасиеттерін беріп адам қатарына қосуы, құдіретті құдайдың бар болуына кәміл сену. Адамдардың өзара қатынасы және әрекеті, абстрактылық толғануы (рефлексия - сананың өз-өзіне бағытталып, өзінің психикалық күйіне ой жүгіртуі) нақты өмірдегі шаруашылықты практикалық бағытта дамытып, апаттан қорғауға арналады. Бұл мәселелерде мифологиялық сюжеттердің біртүрлігі және үстірттілігі басым, яғни барлық халықтар бастауын дүниеге көзқарастың осы деңгейінен алады. Дін - көзқарастың бір түрі. Дін - табиғаттан тыс ғажап күштердің бар болуына негізделінген сенім.Ол адам өміріне және қоршаған ортаға ықпал етеді. Діни көзқарас қоршаған ортаны сезімдік, бейнелік - эмоциональдық түрде қабылдауды сипаттайды.

Дін қазіргі кезде үш дүниежүзілік діндерден: христиан, ислам, буддизмжәне көптеген ұлттық діндерден: синтоизм, иудаизм, индуизм, тәңірлік, конфуцийлік, даосизм, т. б.тұрады. Дін адамдардың үлкен топтарын, халықтарды біріктіріп, қоғамды идеялдар арқылы тұрақтандырады. Ол мәдениеттің кеңістікте тарауына мүмкіндік туғызды да, ортақ салт-дәстүрлердің қалыптасуына ықпал етеді. Өнегелік-тәрбиелік саласыда жақыныңа сүйіспеншілік, қайғысына ортақтасу, адалдық, төзімділік, парасаттылықты міндет деп санайды. Дін адамды адамгершілікке, тазалыққа үйретеді.Философия – көзқарастың бір түрі.Ертеде әр нәрсенің себебін білігісі келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай құбылыстардың түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды - «философ» деп атайды. «Философ» деген сөзді алғашқы рет гректің, ойшыл, математигі Пифагор (580-500 б.ғ.д) енгізді. Бұл термин Еуропа мәдениетінде Платонның (427-347 б.ғ.д) атымен тығыз байланысты. Philo - сүйемін, sophia- даналық, яғни даналықты сүйемін деген мағынаны береді. Араб тілінде «фәлсәфа» деп аталады.

Философ - алғашқыда әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті. Сондықтан, бұларды «натурфилософтар» деп атады. Философияның дүниеге келуі дегеніміз - өмірлік тәжірибеде адам сезімінің, идеалдық үміттің және әлем туралы білімнің үйлесімдігін іздеу нәтижесінде ерекше рухтың қалыптасуы болады. Философия пайда болуынан бастап барлық ғылымды қамтыды, яғни ғылымның ғылымы болды. Кейінірек әр пән өз алдына ғылыми пән ретінде қалыптасты. Б.з.д IV ғ ежелгі Грекияда теориялық логика пәні, ал б.з.д. ІІ ғ математика (Евклид геометриясы және арифметика), астрономия (астрологиямен бірге), кейінірек филология және тағы басқалары бөлінді, яғни ғылымды жіктеу дифференциялау (бөлшектеу) басталады.

Әр дәуірде философиялық ілімдердің ішіндегі ғылымның құрамында әртүрлі көзқарас болды. Эллиндік дәуірде стоиктер мен эпикуршылар философияны логика, физика және этика деп жеке бөліктерге бөлді. Оны бақшаға теңеді. Бақтың қоршауы - логика (логикаға танымның барлық мәселелерін, тіпті тілді де қосады), физика - оның жемістері, яғни табиғатқа байланысты (астрономиялық, физикалық, биологиялық, т. б. білімдер). Этика – адамның мiнез-құлқы, тәртібі туралы ғылым, ол философияның ұйытқысы (ядросы), ол бағыт және керекті тәртіпке жол көрсетеді деп саналды.

Орта ғасырда Схоластикалық философияны болмыстың негізгі себебі және жоғарғы принципі туралы ғылым ретінде түсіне бастады, сонымен бірге ол «діни ілімнің құлы» болып саналды. Қайта Өрлеу дәуірінде философиясының ерекше сапалы бөлігі - натурфилософия (табиғат философиясы). Жаңа Заман философиясында жаратылыс ғылымдарының кешені қалыптасты (физика, химия, биология, т.б.). Енді олар философия саласына тіпті кірмейтін болды. Және гуманитарлық ғылымдар (тарих, лингвистика, өнертану, т.б.) бөлінді.

Философия барлық ғылымдардың әдістемелік рөлін сақтап қалды. ХІХ-ХХ ғ марксизмде Гегель философиясының негізінде философия пәні туралы төмендегі түсінік қалыптасты.

Философия дегеніміз - табиғат, қоғам және адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым қоғамдық сананың бір түрі, көзқарастық теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім. Философия пәні осылай түсінумен бірге ХХ ғасырда әртүрлі философиялық ілімнің негізгі мәселесінің әртүрлі болуына байланысты, бұл сұрақтың шешу жолдары анықталды.

2)Филосфияныңэволюциялық даму кезеңдері. Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентриз.

Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбыластарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Қытай, басқа да Шығас елдері және Грекия). Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылсым күш Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады( Ортағасырлық философияға тән). Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады( Еуропалық Қайта өрлеу, жаңа және қазіргі заман философиялық мектептер).








referatqeb.nugaspb.ru
  • Карта сайта