XREFF.RU


Р мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен мемлекеттен алу жолдары, тәсілі мен түрлері


Если Вам понравился сайт нажмите на кнопку выше

Экономиканы әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі кезінде мемлекеттік меншік түрі өте қатты дамыды. Тәжірибе көрсеткендей, меншікті мемлекеттендірудің басты екі кемшілігі болды:

а) еңбек адамы сол меншіктің билеушісі (иегері) жағдайын жоғалтады және оны тиімді қолдануға жігерленбейді;

ә) өндірісті басқаруда бюрократтану жүріп, экономиканың артықшылығы тарылады;

Шетел тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік меншік 30–40% болғанда, нарық өзінің экономикалық тиімділігін сипаттайтын сапасын жоя бастайды. Сондықтан, ҚР-да нарықтық экономиканың қалыптасуы көп деңгейлі экономиканың дамуын қарастырды.

Мемлекеттік меншікті меншіктің басқа түріне өзгерту мен реттеу жүзеге асты.

Экономикадағы меншік құқығы мемлекеттен алу мен жекешелендіру арқылы жүргізіліп, мемлекеттік мүліктер жеке тұлғаларға берілді.

Ұлттық бағдарламаға сай ҚР мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру алғашқыда келесідей кезеңдерде жүргізілді:

- бірінші кезең 1991-1992 жылдар;

- екінші кезең 1993-1995 жылдар;

- үшінші кезең 1996 жылдан басталып, 1998 жылдың бірінші жартысына дейін созылды.

ҚР мемлекеттен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты:

- шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;

- бәсекелестік ортаны құрып, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;

- шағын және орта бизнесті дамыту;

- шет мемлекетті өзіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық-шаруашылық құрылымды қалыптастыру;

- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.

ҚР ерекше меншік объектілері жекешелендіруге жатпайды. Олар – жер, оның байлығы, су, әуе кеңістігі, өсімдік пен жануарлар дүниесі, елдің тарихи және мәдени құндылықтары.

Мемлекеттен меншікті алу – жай емес, кең көлемді процесс. Ол мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік емес меншік түрінің саласына ауысуын қарастырып, акционерлік, кооперативік және жеке кәсіпорындардың құрылуын көздейді. Мемлекеттен меншікті алудың мақсаты – әртүрлі меншік түрінің қалыптасуына, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің және әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономиканың дамуына бірдей жағдай жасау.

Мемлекеттен алу мен жекешелендіруге мемлекеттік меншік объектілеріне – кәсіпорын, бірлестік, ұйымдар және олардың бөлімшелері, сондай-ақ, әлеуметтік аяның мәдени қызмет көрсету объектілері, мемлекеттік тұрғын-үй қоры және басқа да құндылықтар жатады. ҚР-да мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттен алу мен жекешелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:

а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;

ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алу;

б) мемлекеттік меншік объектілерін концепсияға беру;

в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;

г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;

д) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды және жеке тұлғаларға конкурс немесе аукцион арқылы сату.

Бұл құбылыс агроөнеркәсіп кешенінде былай жүзеге асырылды:

- совхоз бен басқада ауылшаруашылық кәсіпорындары, фермерлік және шаруа қожалықтары, шағын кәсіпорын мен олардың ассоциациялары және басқа да мемлекеттік емес шаруашылық түрлері ретінде қайта құрылды;

- ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамды құру;

- құс фабрикасы мен кешендерін, теплица комбинатын, акционерлік шаруашылық қоғам немесе серіктестік етіп қайта құру;

- рентабелді емес мемлекеттік ауылшаруашылығы кәсіпорын мүлігін заңды және жеке тұлғаларға аукцион арқылы сату;

Меншікті мемлекеттен алу мен меншікті жекешелендіру тығыз байланыста болады.

Мемлекеттік меншікке жататын барлық халық шаруашылық салалары – кәсіпорын, мекемелер немесе ұйымдар жекешелендіру объектісі болып табылады. Жекешелендірілген объект жеке тұлғаға жеке меншік ретінде сатылуы мүмкін, ал топтасқан адамдарға – жалпы меншік үлесін бөлу негізінде жүргізіледі.

Жекешелендірудің төмендегідей тәсілін айтуға болады:

а) аукциондық - жекешелендірілетін меншікке кім жоғарғы баға ұсынса соған сатылады;

ә) конкурстық – таңдау сатушының ойынша, дұрыс жағдай ұсынған сатып алушыға артықшылық көрсетіледі;

б) кәсіпорын акциясын ересек тұрғындарға беру;

в) купондық тәсіл;

ҚР 1993 жылы қараша айынан бастап жаппай жекешелендіруге көшті. Мақсаты – тезірек меншіккерлер тобын қалыптастыру. Тұрғындарға бірдей мүмкіндік жасау үшін инвестициялық жекешелендіру купондары берілді. Қазақстандық моделдің негізгі ерекшелігі:

а) жекешелендірілген инвестициялық купондарды қайтарымсыз үлестіру;

ә) жекешелендірілген инвестициялық купонды тек қана инвестициялық – жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі болады;

Инвестициялық жекешелендіру қоры тұлғалардың жақсы кәсіпорынды жекешелендіруге қатысуына кедергі жасайды. Бір жағынан ҚР қабылданған модель Ресейлік тәжірибеге жақындау. Оларды жекешелендіру чек-ваучерді тегін тарату арқылы қарастырылған. Алайда, Қазақстандық инвест-купонды иеленушілер оны тікелей жаратуға құқы жоқ. Сондай-ақ инвесткупонның ваучерден айырмашылығы, номиналды бағасының болмауы. Осы жағдайлар ҚР бағалық қағаздар нарығын қалыптастыруды баяулатты. Басқада келеңсіз мәселенің бірі – инвестициялық қор қызметін қосымшалап шектеу.

  • Карта сайта