Популяцияның жыныстық және жастық құрылымы

Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстық қатынасын кқрсетеді. Бұл көрсеткіштің негізінен жыныстық көбеюі басым түрлер үшін маңызы зор. Аталықтар мен аналықтардың жаы және жыныстық жетілу жағдайлары популяция санын ұстап тұруға әсер етеді. Аталықтар мен аналықтардың қоректенуі, өмір ырғағы және мінез-құқлқы әр түрлі болуы мүмкін.

Мысалы, көптеген масалардан байқағанымыздай, кенелердің аналықтары-қансорғыштар, ал аталықтары гүлдің тозаңымен қоректенеді немесе сусардың аналығы аталығымен салыстырғанда барлық азық-түлік түрімен де қоректене береді, ал аталығы негізінен тиінмен, иірі құстармен қоректенеді.

Популяцияның жастық құрылымы тек жасы мен әр түрлі топтардың қатынасын ғана емес, бұл қатынастың жыл маусымдарындағы биогеоценоздардың ауысуы кезіндегі өзгерісін, популяциянынң жаңару жылдамдвғвн, жастық топтардың қоршағаг ортамен өзара әсерін көрсетеді:

1) Жаңадан туылған;

2) Жас- өсіп келе жатқан даралар, жыныстық жетілмеген;

3) Жартылай ересек- жыныстық жетілуге жақын;

4) Ересек- жыныстық жетілген жануарлар, көбейетін немесе физиологиялық жағынан көбеюге қабілетті жануарлар;

5) Қартайған-көбеюге қабілеті жоқ даралар.

Әдетте популяцияда барлық жастық топтар болады. Олар біртіндеп біріне өтіп отырады және үнемі жаңарып отыруы популяцияның оптималды санын ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Кей жағдайда бұл қатынас бұзылуы да мүмкін: популяцияның деграциясына топтың санының кемуі популяцияның деграциясына немесе керісінше, шектен тыс артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Жастық топтардың сандық қатынасы популяция күйінің және оның биогеоценоздың болашағыныңи көрсеткіші юолып табылады.

Адам популяциясын да жыныстық-жастық құрылыммен сипаттауға болады. Неғұрлым жыныстық-жастық құрылым күрделі болса, соғұрлым популяциның бейімделушілік мүмкіндіктері жоғары болады.

Ғалымдар түр ретінде адамға тән өмірінің орташа ұзақтығы 110-120 жас деп есептейді.

Ертедегі Рим мен Ертедегі Грецияда орташа жас , бар болғаны 25 жас қана болғаны туралы дерек бар. Орта ғасырларда ол 30жасқа дейін көтерілді. Қазір өркениеттің дамуына байланысты дүние жүзіндегі орташа жас көрсеткіші арьып келеді. 1950 жылы ол жалпы алғанда 50 жас болса, 1990 жылы – 63 жас болған.

Биомасса- бір түрдің, түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы немесе көлем бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері.

П/я санының реттелуі:

1) жалпы есебі – бөлінген аумақтағы даралардың жалпы саны

2) тығыздық – п/я мекендеген кеңістіктің ауданына келетін дарақтардың орташа саны

3) өсімталдық – көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған дарақтар саны

4) өлім-жітім – белнілі бір уақытта дарақтар п/ясында өлгендердің мөлшерінің көрсеткіші

5)п/я өсімі – туу мен өлім-жітім арасындағы айырма.

6) өсу қарқыны – уақыт бірлігіндегі орташа өсім.

7) жыныстық құрам – берілген п/ядағы еркек және әйел жынысты дарақтар арақатынасы

8) жас құрамы – бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату.

19.

20) Популяция динамикасы - популяциядағы даралардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі.

Популяция динамикасының негізгі белгілеріне жататындар:

· Популяцияның сандық мөлшері - белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі даралардың жалпы саны;

· Популяция тығыздығы - белгілі бір жер аумағындағы немесе көлемдегі даралардың орташа саны;

· Популяциядағы туылу саны - белгілі бір уақыт ішінде көбею нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа даралардың саны;

· Популяциядағы өлу саны - белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген даралар саны;

· Популяция өсімі - популяциядағы даралардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық;

· Өсу қарқыны - белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім.

Мұндай демографиялық белгілерді зерттеу популяция тіршілігінің заңдылықтарын, сәйкесінше жалпы экожүйедегі тұрақтылық негіздерін анықтауға мүмкіндік береді.

21)Экспоненциалды өсім -популяция тығыздығы бір бағытта (жоғары қарай) келеңсіз фактор туындағанға дейін өсе береді. Бұл ретте популяцияның биоткалық потенциалы толығымен жүзеге асады. Бұл типтегі қисық кейбір микроағзаларға тән, мысалы, біржасушалы балдырлар.

Логистикалық өсім.Популяция санының логистикалық өсуінің темпі оның тығыздығының артуы барысында азаяды. Яғни, популяция алғашқысында баяу өсіп, кейін өсуін жылдамдатады. Мұндай секірмелі даму кезінде даралар санының артуына бөгет болатын орта факторлары популяцияны тұрақтандырады. Барлық ірі ағзалар осы типпен өсетіні айқындалған.

22) Синэкология –әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын, олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шертер болып есептеледі.

23) Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтінжануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы.

Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.

Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды.

Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.

1. Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.

2. Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді қолдану нәтижесінде алынған агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан отырғызылатын ормандар жатады.

Экожүйе дегеніміз- зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.