XREFF.RU


Азақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы.



Если Вам понравился сайт нажмите на кнопку выше

Кеңестер Одағы тұсында «халықтар лабораториясы» атанған Отанымыз Қазақстан қазір ТМД елдері ішінде конфессионалдық кеңістігінің сан алуандығымен ат оздырып отыр. Дәлелге елімізде қазіргі таңда 46 конфессияны құрайтын, 3 мың культтік ғимараты бар, 4209 діни бірлестіктің жұмыс істейтінін, олардың 38 басылым, яғни газет-журнал шығаратынын айтсақ та жеткілікті. Халқының саны небары 16 млн. республика үшін тым жоғары көрсеткіштер емес пе. Сарапшы мамандар дәл біздің еліміздегідей орасан конфессионалдық сан алуандық сирек, тіпті әлемде жоқ деседі.
Көп конфессионалдық құбылысты ретке салудың, дәлірегінде ауыздақтаудың жолы қайсы? Бұл ретте қалың жұртшылықтың, әсіресе, зиялы қауымның «Дін туралы қатаң заңды қабылдасақ!» деп тас-түйін отырғаны жақсы мәлім. Мұндай Заң проблеманы түбегейлі шеше ала ма, жоқ әлде басқадай да әрекеттер керек пе? Төменде осы жәйтті ой тамыздық еткіміз келеді.

Алдымен Қазақстандағы діни бірлестіктерге көз жүгіртелік. Оларды шартты түрде үш түрге бөлуге болады.

Біріншісі, Қазақстан территориясында баяғыдан бар және ел тұрғындары басым көпшілігінің мәдени-тарихи дәстүрлерін анықтайтын діни бірлестіктер. Бұл топқа ислам және христиандық православие жатады.

Ислам жамағатына қазақтардан басқа 17 түркітілді этностар (өзбек, татар, ұйғыр, әзербайжан т.б.), сондай-ақ, тәжік, күрт, дұңған, шешен, ингуш сияқты ұлттар кіреді. Ал Қазақстандағы орыс православие шіркеуі негізінен үш славяндық ұлтты (орыс, украин, беларус) біріктіріп отыр.

Енді көпконфессионалдық тығырықтан шығудың сенімді жолы – дін исламның қазақстандық моделін жасау деген арқау мәселеге келейік. Мұндай моделді жасаудың қажеттігі неде және ол үшін не істеу керек?

Қазіргі замандағы халықаралық саяси қатынастар дінаралық өзара түсіністікке көп байланысты. Сол себепті толеранттық тәрбие адамзаттың күн тәртібінен ешқашанда түскен емес. Бірақ басқаға деген құрмет пен сыйластықтың іргестасына рухани ілім қалануы керек. Сонда ғана төзімділік кемел, сыйластық берік болады. Сырты бүтін, іші түтін, саяси жағдаятқа орай ғана көрініс беретін толеранттықтан келер пайда аз, бәлкім, ол залалды. Уақытша шыдау, жасанды тыныштық бітеу жарамен теңдес. Уақыты келгенде оны тесетін біз табыла кетері сөзсіз, сөйтіп, дүмпулерге ұласуы мүмкін.
Бізге рухты сауықтыратын, кемел келешекке жетелейтін діни толеранттық қана керек. Айтпағым түсінікті болу үшін сөзді әріден бастайын. Алдымен дін деген ұғымды анықтап алмай болмайды. Жаратушы Құдырет және адам арасын жалғастыратын ілімді және салт-сананы «дін» деп атау керек. Дінге, дін мақсатына басқадай анықтама берсек адасамыз, сірә.
Дін мұраты Жаратушы мен адамды жалғастыру болғандықтан Исламда Аллаға құлшылық қылуды: иман ихтиһат және ғамали деп ежелден екі түрге бөлінді. Бірі ғибадаттың ішкі сыры, бірі сыртқы жағы деген ұғым (Ихтиһат ұғымы Тәңіріні тануды, Аллаға сену, періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға сену сияқты иманның жеті шартын ақылмен танып-білу, қысқасы иманның ішкі жағы деген мағынаны білдіреді. Ал, ғамали түсінігі сыртқы ғибадат, яғни шариғаттың жөн-жоралғысы, діни үкімдер және бес парыз туралы ілім). Айта кетелік, сөз болып отырған діннің қос қайнары мұсылмандық фалсафа ғылымы пайда болған әл-Фараби заманында фалсафа назарийа және фалсафа ғамалийа деп жіктелген болатын.Сонымен, Аллаға ғибадат, яғни құлшылық екі нәрсеменен: бірі-иман ихтиһат, бірі-сыртқы ғибадат екені хақ.Мұсылманда «ғылымхал» деп аталатын сыртқы ғибадаттың халы елімізде ойдағыдай, ә бастан көңілдегідей дамыды десек шындық ауылынан шығандап кетпейміз. Екі мыңнан астам жаңа мешіттер, әрбіріндегі діни қызметкерлер, ислам ғылымхалына қатысты көп әдебиеттер соның айғағы.

Сөйтіп, мәшалла, қазір «Биссимилла» әрбір мұсылман баласының аузында, «Құлқуалла» мен «Фатиха» сүресін екінің бірі саулата жөнелетін діни сауат деңгейіндеміз. Әрі қарайғы даму исламның жаңа өрісіне қадам басуға, жоғарыда айтылған иманның ихтиһатын дамытуға тіреліп отыр.Нені айтпағымыз түсінікті болуы үшін ұстазымыз Абайға жүгінелік. Өз заманындағы діни ахуалды жіті зерттеген ғұлама біз сөз етіп отырған мәселені 12-ші қарасөзінде қояды. «Кімде-кім жақсы-жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, – дейді данышпан, – әйтеуір, жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Енді сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен».
Көрдіңіз бе, Абай ғылымхалды құптай отырып, бірақ ол жеткіліксіз деп түйеді. Бізге әсіресе керегі – «толымды ғибадат» ұғымы. Ойшыл қазақ философиясына жаңа терминді енгізіп отыр. Жә, толымды ғибадатқа не қажет?«Әуелі, – дейді Абай, – иманның ихтиһатын жете үйрену керек, екінші – үйреніп жеткенше «осы да болады ғой» деп тоқтамай үйрене беру керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны Құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды» (12-сөз). Ұстазымыз Абай «толымды ғибадат» түсінігін 27-ші қарасөзінде: «Құдай тағаланың «Мені таныған ақылменен таныр» дегені қайда қалады? Әуелі иманды түзетпей жатып, қылған ғибадат не болады?» деп дамыта айтады.
Сонымен отанымыз Қазақстанда бүгінгі таңда қалыптасқан діни ахуалға қатысты «не істеу керек?» деген таудай сұрақтың жауабын Абайдан тауып отырмыз. Данышпанның өсиетінше, иманның ихтиһаты және ғамали құлшылық өзара біріккенде ғана ғибадат толымды болмақ. Осы мәселені жақсы ұғып, методология негізіне айналдырмаған жағдайда мемлекеттік діни идеологияны, діни ілімге қатысы бар түрліше мемлекеттік стандартты дұрыс жолға қою қиынға соғады деген ойдамыз.
Дін туралы қатаң заңның қажеттігі сөзсіз, бірақ мәселені шешудің дара жолы «осы екен-ау» деу ғапылдық болады (қазіргі таңда халықаралық талаптарды ескермей бірде бір ел діни сенім бостандығы туралы заңды қабылдай алмайды, сондықтан заңдардың арасында үлкен алшақтық жоқ). Ол сара жол, Абай сілтеген толымды ғибадат деп білсек әңгіме басқаша.

Бұл пайымға Түркия және Германия елдерінің тәжірибесі дәлел. Бұл елдерде әлдебір діни ағымның я сектаның тамыр жаюы неғайбіл, тіпті мүмкін емес. Жаңа діни бірлестіктер де табан тірей алмайды.

Тұжыра келгенде, дініміз исламның айқын басымдығын қамтамасыз етер ең басты шарт – толымды ғибадат. «Иманның ихтиһатын тоқтамай үйрене беру керек» деген ұстазымыз Абайдың өсиетіне құлақ асатын уақыт шындап жетіп отыр. Мұсылмандық интеллигенцияны қалыптастыру, қазақтың рухын, өркениетін өзге халықтарға көрсету, таныту, халықтың рухын сауықтыру және махаббат, әділет сезімдерінің өсіп, көркеюіне құнарлы топырақты жасау сияқты келелі проблемалардың шешімі, қала қалама, «исламның қазақстандық моделі» деген идеяға тіреледі. Абай, Шәкәрім сынды ой алыптары бар Қазақстан рухты сауықтыру мәселесінде бүкіл әлемге үлгі-өнеге шаша алар еді деген пікірдеміз.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі қоғамның жастар туралы саясаты.

2. «Қазақстан - 2020» бағдарламасындағы жастар саясаты.

3. Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік мәселенің көріну деңгейі .

4. Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай күйі.

5. ҚР тұтастай мемлекеттілігі туралы тұжырымдама және Қазақстан ұлттық тұтастығының Доктринасы.

6. Қазақстан халқы Ассамблеясы және этносаралық мәселені жариялаудың ерекшелігі.

Әдебиеттер:

1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

2. Алещенок С.В., Луков В.А. Государственная молодежная политика:
Государственная молодежная политика Республика Казахстан. – Астана, 2001.

3. Майлыбаев Б. Государственная молодежная политика – важнейший фактор
Социология молодежи: Оқулық / проф. В.Т.Лисовскийдің басш. ред.

4.Тасмаганбетов И.Н. Социальная политика: Оқу құралы

5. Калибеков Д. Современные проблемы молодежи. /«Вопросы экономики», 2000,

6. Кебина Н.А. Молодое поколение Казахстана: сегодня и завтра.

7. Борбасов С.М. Демократияға дем берген саяси реформалар // Ақиқат. 2008. №1. Б.15-19. (15)

8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқаттың артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, 2002. Б. 96. (32)

9. Дәрімбетов Б. Құл болу оңай, ал одан құтылу-қиямет. Алматы, 2006.- Б. 320. (26)

10. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Алматы: Жеті жарғы, 2006. Б. 108.

11. Конституция Республики Казахстан.- Алматы: Казахстан, 1993.- С.32. (13).

12. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, 2007.-Б. 86. (6).

13. Жылқышиев Н. Бір партиялық жүйеге, және басқа табынушылыққа қарсымын // Жас қазақ. 2008. 29 шелде. Б.7.

14. Назарбаев Н. Қазақстан жолы.- Астана, 2007. Б. 93.

15. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. Алматы: Өнер, 1996.- С. 28

  • Карта сайта