XREFF.RU


Тоталитарлық саяси режимнің пайда болу себептерін сипаттаңыз



Если Вам понравился сайт нажмите на кнопку выше

Тоталитарлы саяси режим – ол мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына толықтай бақылау жасауы. «Тоталитаризм» терминін ең бірінші саяси лексиконға еңгізген итальяндық фашистер лидері Б. Муссолини. Ол 1925 жылы өз режиміне сипаттама бергенде осы терминді пайдаланған болатын. Осындай режим сондай-ақ Германияда, Испанияда, СССР-да және Руминияда т.б. елдерде болған. Әр елде өзіндік ерекшеліктерімен көрінсе де оның жалпы белгілері, мәні және мазмұны бар. Осындай белгілерге тоталитарлық режим кіреді:- азаматтардың жаңаша ойлау және жаңа қоғам құруын жоққа шығаратын ресми идеология;-билікке жалғыз бұқаралық партияның монополиясы, олигархиялық белгілері мен харизматикалық лидер жарияланған қоғам;- террористік полицейлік бақылау жүйесі;-барлық бұқаралық ақпарат құралдарына (радио, телевидение, газеты, журнал) партиялық бақылау;-қарулы-әскери күшпен бақылау;- экономикаға орталықтанған бақылау және экономикалық қызметті бюрократиялық басқару жүйесі;- қоғамдық және индивидуальдық өмірдің барлық салаларына биліктің қадағалау орнатуы-тұлғаның еркін ойлауы мен әрекеті болмайды;-«Билік бұйырмағанның (рұқсат етпегеннің) барлығына тиым салынады»деген принцип әрекет етеді;Тоталитаризмнің негізгі белгілерін белгілі батыстық политологтар К. Фридрих, З. Бзежинский, Х. Арендт өз уақытында анықтаған.Тоталитарлық – ол индустриализация, модернизация дағдарысы кезеңіндегі қоғамның «реакциясы» мұндай кезеңде қоғам үлкен қиыншылыққа келеді: дәстүрлік құрылымдар бұзылады, адамдарда сезімнен айырылу, жалғыздық пайда болады. Тоталитаризмді негізінен коммунизмге, фашизмге және ұлтшылды-социализмге бөледі.Жалпы түрінде 1918 жылы қалыптасқан тоталитаризмнің тарихи алғашқы түрі кеңес типіне жататын коммунизм болып табылады. Коммунистік тоталитаризм басқаларына қарағанда, яғни басқа идеологияларға тәртіптің негізгі түрін көрсетеді, өйткені ол жеке меншікті, әрбір жеке автономияны және мемлекеттің абсолюттік билігін жояды. Тоталитаризм екінші түрі ең бірінші 1922 жылы Италияда орнатылған. Бұнда тоталитаризм толық түрінде көрсетілмеген. Италияда фашистік тоталитаризмнің шекарасы мемлекетке әсер етушілер тұрғысымен орнатылған.Тоталитаризмнің үшінші түрі – ұлтшылды (социализм – ол 1933 жылы шынай саяси қоғамдық түрінде Германияда пайда болған). Оның фашизммен туыстастығы бірақ көбінесе кеңес коммунизмге ұқсайды.Тоталитаризм өзінің коммунистік түрінде көп өмір сүреді. Бөлек мемлекеттерде бүгінгі күнге дейін өмір сүреді.Бірақ тоталитаризм – тарихи тәртіп. Тоталитаризм – жабық қоғам уақытында сапалы жаңаруына үйренбеген.

Саяси жүйе ұғымына анықтама беріңіз

Оғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету және биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институциалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады, ол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. 2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. 3) Саясм жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4) Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. 5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан және т.б. Саяси жүйе құрылымы: 1) Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар және т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. 2) Саяси қатынастар қоғамдық жүйенің екінші бөлігін құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, адамзат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді. 3) саяси ережелер саяси жүйенің үшінші бөлігі болып табылады. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. 4) Саяси мәдениет — саяси жүйенің төртінші белгісі. Ол саяси сана мен іс әрекетті, саяси қатынастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұжырымдамаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің зерттеушілік қызметі адамдардың іс әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді.

wai.deutsch-service.ru
  • Карта сайта