Бюджеттің атқарылуы
XREFF.RU


Бюджеттің атқарылуы



Если Вам понравился сайт нажмите на кнопку выше

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу және оған кассалық қызмет көрсету тәртібін, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.

Бюджеттің атқарылуы үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін:

мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік мекеменің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және мемлекеттік мекеменің төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке жоспар);

бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру жоспары);

бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган - түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын әзірлейді.

Қаржыландырудың жеке жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі - ҚР ББС), Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі - Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді.

Қаржыландырудың жеке жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бөлшек қалдықсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.

92.ҚР-ның орта мерзімді фискалды саясатының бағыттары

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы " Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында", 2006 жылғы 1 наурыздағы " Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" және 2007 жылғы 28 ақпандағы»"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына жолдауларын (бұдан әрi - Мемлекет басшысының Жолдауы) ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 30 наурыздағы N 80 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 1 қыркүйектегi N 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Ұлттық қордың тұжырымдамасы), Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 7 маусымда N 521 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (1 кезең) (бұдан әрi - Орта мерзiмдi жоспар), Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттiк реттеуiштердiң болжамы, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негiзiнде әзiрлендi.

Осы құжатта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 - 2009 жылдарға арналған фискалдық саясатының негiзгi мақсаттары, мiндеттерi мен бағыттары айқындалған.

Орта мерзiмдi фискалдық саясат республикалық бюджеттi қалыптастырудың негiзi және мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде салық және бюджет саясатын iске асырған кезде үйлестiрушi құжат болып табылады.

Экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2007 - 2009 жылдарға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамдары Орта мерзiмдi жоспарда айқындалған.

2003 - 2005 жылдары Қазақстан экономикасы қарыштап өстi. Осы жылдары жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ) жылдық орташа өсу қарқыны 9,5%-ды құрады.

2003 - 2005 жылдары қаржы нарығының барлық сегменттерiнiң тұрақты дамуы елдiң iшкi кредит нарығын елеулi түрде жандандыруға және өндiрiстiк сектор мен қызметтер көрсету секторын дамытуға бағытталатын ақшалай қаражаттың мөлшерiн арттыруға мүмкiндiк бердi.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (Ұлттық Банк) халықаралық резервтерi және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (Ұлттық қор) қаражаты 2005 жылдың соңына қарай 15084,4 млн. АҚШ долларына дейiн өстi.

Қазақстан экономикасының дамуы үшiн сыртқы факторлар қолайлы болды. 2003 - 2005 жылдары сыртқы сауда айналымының жылдық орташа өсуi 40,9%-ды құрады, қазақстандық өнiмнiң экспорты орта есеппен 42,6%-ға, импорт - 38,5%-ға артты.

Импорттың жалпы көлемiндегi инвестициялық тауарлар 2005 жылы 8412,2 млн. АҚШ долларын немесе 48,5%-ды құрады (2004 жылы - 5871,0 млн. АҚШ доллары немесе 45,9%).

2003 - 2005 жылдары республикамызға тiкелей шетелдiк инвестициялардың жалпы көлемi 19,3 млрд. АҚШ долларынан асып түстi. Бұл ретте 2005 жылы республикамызға тiкелей шетелдiк инвестициялардың жалпы көлемi 6,4 млрд. АҚШ долларын құрады.

Экономиканың өсуiне өнеркәсiп елеулi үлес қосты. Үш жыл бойы өнеркәсiп өнiмiн өндiрудiң жыл сайынғы өсуi орта есеппен 8,0%-ды құрады, оның iшiнде, тау-кен өндiру өнеркәсiбi - 8,9%, қайта өңдеу өнеркәсiбi - 7,7%, электр энергиясын, газ бен суды өндiру мен таратуда - 4,8%.

Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жылдық орташа өсуi 2003 - 2005 жылдары 2,9%-ды құрады, оның iшiнде өсiмдiк шаруашылығында - 1,1%, мал шаруашылығында - 5%.

Қызметтер секторында кәсiпорындар мен ұйымдар 2003 - 2005 жылдары көрсеткен қызметтерi орташа 28,5%-ға өскен байланыс саласында ең көп өсу қамтамасыз етiлдi.

Өткен үш жылда көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалдаудың орташа өсу қарқыны 108%-ды құрады.

Нақты жалақының мөлшерi 2003 - 2005 жылдары орта есеппен 11,2%-ға ұлғаюы халықтың нақты ақшалай табысының жыл сайын орта есеппен 12,1%-ға артуына ықпал еттi.

Жұмыссыздардың саны 2003 жылы 672,1 мың адамнан 2005 жылы 639,3 мың адамға қысқарды. 2003 жылы 8,8%-ды құраған жұмыссыздық деңгейi 2005 жылы экономикалық белсендi халық санының 8,1%-ына дейiн қысқарды.

Соңғы үш жыл бойы 2003-2005 жылдар ішінде инфляцияның орташа деңгейi 6,4 - 7,6% дәлiзiнде болды.

Тұтастай алғанда инфляциялық процестердi реттеу кешендi инфляцияға қарсы саясатты әзiрлеу мен iске асыру жолымен жүргiзiледi.

Әлемдiк экономиканың қазiргi жағдайы Қазақстан үшiн барынша қолайлы конъюнктурамен сипатталады, бұл шикiзат тауарлары экспортының серпiнiне оң әсерiн тигiзуде.

Қазақстан экспортының аса маңызды баптарына әлемдiк баға деңгейiнiң жоғары болуы, экспорттық пайданың өсу шарты болып отыр. 2001 жылмен салыстырғанда экспорттың номиналды өсуi 2005 жылы 3,2 еседен астамды құрады.

Дүниежүзілік банктің деректері бойынша әлемдік экономиканың өсуі 2005 жылы 4,8%-ды, 2006 жылы 5,4%-ды құрады. 2007 және 2008 жылдары ол, болжам бойынша 4,9%-ды құрайды.

ЖIӨ жылдық нақты өсуi 2007 - 2009 жылдары 9,5%-ды құрайды, бұл 2008 жылы 2000 жылға қатысты ЖIӨ-нi еселеу жөнiндегi стратегиялық мiндеттi шешуге мүмкiндiк бередi.

Жан басына шаққандағы ЖIӨ-нi 2009 жылға қарай 9393 АҚШ доллары деңгейiне жеткiзу жоспарланып отыр, бұл 2005 жылдың деңгейiнен 2,5 eceгe артық.

Өнеркәсіп өнімін өндірудің өсу қарқыны 2007-2009 жылдары орта есеппен 7%-ды құрайды.

Қызметтер көрсетуде сауда, көлік, байланыс, сондай-ақ кәсіпорындарға көрсетілетін түрлі қызметтер барынша көп үлес алады. 2007-2009 жылдары осы салалардың одан әрі өсуі күтілуде. Көлік қызметтері орта есеппен 7,1 %-ға, ұсынылатын байланыс қызметтерінің көлемі 26,2%-ға артады. Сауда саласында қызметтер орта есеппен 9,5%-ға өседі.

Жоспарланып отырған кезеңде ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өсуi орта есеппен 104,3%-ды, құрылыс жұмыстары көлемiнiң өсуi - 122%-ды құрайды.

Инвестициялық сұраныстың кеңеюi, бiрiншi кезекте, кәсiпорындардың өз қаражаты есебiнен алынатын инвестицияларды қаржыландырудың iшкi көздерiмен байланысты болады. Негiзгi капиталға инвестициялар көлемiнiң өсу қарқыны жоспарланып отырған кезеңде орта есеппен 111,5%-ды құрайды.

Сауда теңгерiмiнiң оң сальдосы 2007 - 2009 жылдары жылына орта есеппен 7,8 млрд. АҚШ долларын құрайды.

2007 - 2009 жылдары экономика дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшiн экономиканың өсуiнiң барлық негiзгi факторларын дамытудың қолайлы макроэкономикалық жағдайы жасалатын болады.

94. зейнетақы жүйесi

Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Жаңа ереже ынтымақтастықты жүйеден ақырындап бас тарта отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін құруға жасалды.

Қолданылып жүрген зейнетақы жүйесiнiң түйiндi сипаттамалары мыналар болып табылады:

* зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттiк монополия;

* қартайғанда өзiн-өзi материалдық қамсыздану үшiн азаматтардың жеке жауапкершiлiгiнiң болмауынан мiндеттi зейнетақы жарналарының иесiздiгi;

* зейнетақы қаражатын жүйе iшiнде қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабiлеттi халықтың iс жүзiнде жұмыспен толық қамтылуы, мемлекеттiк аппараттың мүлтiксiз бақылауы және зейнеткерлер мен жұмыс берушi азаматтардың қалыптасқан ара салмағы жағдайында ғана тиiмдi болды. Сондықтан зейнетақы жүйесi зейнетақының бiршама жоғары деңгейiн қамтамасыз еттi - оның мөлшерi жұмыс iстеген соңғы жылдары алынған жалақыға, еңбек стажы мен жасына байланысты болды, ал жеңiлдiктердiң көптiгi зейнеткерлiкке шығуға қызықтырды.

Экономикалық жағдайдың өзгеруi қалыптасқан зейнетақы жүйесiнiң жұмыс iстеуiн бұзды.

Зейнетақы жүйесi, бiр жағынан көптеген зейнеткерлердiң ең төмен деңгейдегi қажеттерiн қамтамасыз ете алмайтын болды, екiншi жағынан, экономикаға ауыртпалық салды.

Зейнетақымен қамсыздандырудың қолданылып жүрген жүйесiнiң түбiрлi кемшiлiктерi айқын аңғарылды:

1. Жарналардың мөлшерi мен зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi арасындағы тiкелей байланыстың жоқтығы. Зейнетақы қорына жарналар иесiздiкпен төлендi, бiрақ жұмыс берушiсiнiң зейнетақы қорына жарналарды тұрақты түрде және толық аударған-аудармағанына қарамастан әрбiр қызметкердiң зейнетақы алуға құқығы бар. Мемлекет өз тарапынан жұмыс берушi мемлекеттiк Зейнетақы қорына мiндеттi жарналарын аударудан жалтаратын азаматтың алдындағы зейнетақы тағайындау мiндеттемесiн орындауға тиiс.

2. Зейнетақы жарналарының жоғары ставкасы өндiрiс шығынын көбейтедi. Қазiргi кезде Зейнетақы қорына аударылатын жалақының 25,5% мөлшерiндегi жарна экономика үшiн ауыр. Инфляция жағдайында зейнеткерлердiң тұрмыс деңгейiн қолдауға жұмсалатын елеулi және ұдайы өсiп отыратын шығыстарын өтеу үшiн жарна ставкасын одан әрi ұлғайту жұмыс берушiлердi мемлекеттiк Зейнетақы қорына мiндеттi жарналарды аударудан бұрынғыдан да көп жалтаруға итермелейдi.

3. Зейнетақы жарналарының жиналу деңгейiнiң төмендегi жалпы экономикалық себептерге де, сондай-ақ сақтық жарналарының түсуiн бақылаудың тиiстi тетiгiнiң жоқтығына және қызметкерлердiң мемлекеттiк зейнетақымен қамсыздандыруды қолдауға мүдделi еместiгiне де байланысты болып отыр.

4. Зейнетақы тағайындау кезiндегi жеңiлдiктер санының көптiгi мемлекеттiк Зейнетақы қорына айтарлықтай салмақ түсiредi. Қолданылып жүрген заңдар көптеген адамдарға зейнеткерлiкке ерте шығуға және мөлшерi жасына қарай берiлетiн зейнетақыдан кейбiр жағдайда әлдеқайда жоғары жеңiлдiктi зейнетақы алуға құқық бередi. Нәтижесiнде бiр саланың қызметкерлерi артықшылықты салаларда жұмыс iстеушiлерге зейнетақы төлеу үшiн жарналар төлейдi, осының салдарынан әлеуметтiк әдiлдiк бұзылады.

5. Қызметкерлердiң зейнетақы жарналарының дербес есебiнiң жоқтығы аударымды көбейтуге және азаматтардың жеке шоттарында қаражатты шоғырландыруға, сондай-ақ жұмыс берушiлердiң жарналарын бақылауға ынталандырмайды.

6. Зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың тиiмсiз жүйесi түрлi ұйымдық құрылымдар бойынша зейнетақы қаражатын жинау мен жұмсау функцияларының шашыраңқылығы олардың мақсатқа сай жұмсалмауына жол ашып, елеулi қаржы ысырабына әкеп соғады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі даму белестері:

1997 жыл:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы ұжырымдамасы әзірленіп бекітілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы қабылданды. ГНПФ ерекше стратегиялық рөлін мыналарға арнады: ЖЗЖ дамуын ынталандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша тартылуын қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің базасын қалыптастыру, халық тарапынан жаңа зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін және бәсекелес ортаны қалыптастыру.

1998 жыл:

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін бастау және зейнетақы нарығының инфрақұрылымын құру.

19 қаңтар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихына ГНПФ алғашқы зейнетақы жарнасы түсті.

1998-2002 жылдар:

ГНПФ «Жанама қор» жүйесіндегі қызметтерді жүзеге асырды: егер қызметкер басқа зейнетақы қорын таңдамаса және онымен шарт жасамаса міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушімен ГНПФ аударылады.

1999 жыл:

ГНПФ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихындағы зейнетақы қорлар арасында зейнетақы активтерін дербес басқаруға алғашқы болып лицензия алды.

2003-2004 жылдар:

Зейнетақы төлемдеріне құқық алу сәтінде инфляция деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналар мөлшерінде салымшыларға мемлекеттік кепідік беру.

Зейнетақы төлемдерінің кестесі анықталды және сақтандыру ұйымдары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігі құрылды;

Жинақтаушы зейнетақы қорларының сыйақы мөлшері және құрылымы өзгерді;

Міндетті жинақтаушы жарналарының төлемдері жөніндегі агенттердің жауапкершіктері күшейтілді;

Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары енгізілді;

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп қабылданды.

2006 жыл:

«Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК базасында жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі төлемдерді оңтайландыру мақсатында дара есеп орталығы құрылды.

Зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдардың, салымшылардың жинақ ақшаларының атаулы кірістілігін қорғау жөнінде соттан тыс жауапкершілік белгіленді.

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы салымшылар мен зейнетақы қорлары арасында зейнетақы жинақ ақшаларын аударуды жүзеге асыру

2007 жыл:

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 10 жылдығына арналған «Қазақстанның зейнетақы нарығы – жүйелі реформаға 10 жыл» халықаралық конференциясы ГНПФ бастамасы бойынша ұйымдастырылып өткізілді.

Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн реформалау оның мақсатын, сондай-ақ бұл ретте туындайтын проблемаларды халықтың қалың жiгiне кеңiнен түсiндiргенде жүзеге асырылуы мүмкiн.

Дайындық кезеңiнде жаңа зейнетақы жүйесiн қолдайтын және азаматтардың мүдделерiн қорғайтын құқықтық және нормативтiк актiлердiң бүкiл кешенi әзiрленiп, қабылданатын болады.

Нарықтық экономикаға баламалы жаңа зейнетақы жүйесiн құру халықты жаңа экономикалық жағдайда нақты қорғаудың шұғыл мiндетi болып табылады. Сонымен бiрге осы мiндеттi iске асыру уақыты әлеуметтiк қорғаудың барлық жүйесiне реформа жүргiзу жағдайында мүмкiн. Заңдардың тиiстi өзгерiстерiнiң жобасын Үкiмет әзiрлеу үстiнде.

refanhu.ostref.ru
  • Карта сайта