Дәріс. Азаматтық құқықтың түсінігі

1. Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны.Азаматтық –құқықтық қатынастарды реттеу.Мүліктік және мүліктік емес қатынастар.

2. Азаматтық –құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі.Азаматтық құқықтың түсінігі,мәні және негізгі бастаулары.

3. Шетелдік азаматтық құқыққа жалпы сипаттама. Азаматтық құқық және азаматтық заңдар.

4. Азаматтық заңдардың уақытқа және кеңістікке қарай қолданылуы. Азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы.

Негізгі ұғымдар: Азаматтық құқық, азаматтық құықтық қатынас, азаматтық құқық жүйесі, мүліктік қатынас, мүліктік емес қатынас, объект, субъект, цивильді құқық.

1. «Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі,оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы –цивильді (juscivile)құқық деп атаған.

Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді.Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар –ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай –ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1 –бабы, 1 –тармағы ).2. Азаматтық –құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі. Азаматтық құқықтың түсінігі,мәні және негізгі бастаулары. «Принцип» (қағидат) термині латынның сөзі –бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (қағидаттары) –ол норматифтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық –құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.

Азаматтық құқықтың мынадай принциптері бар:

1) азаматтық –құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;

2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;

3) шарт екендігі;

4) жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен аралсуына жол беруге болмайтындығы;

5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;

6) нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;

7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.

3. Шетелдік азаматтық құқыққа жалпы сипаттама.Азаматтық құқық және азаматтық заңдар. Құқық пен заңшығарушылық адамзат мәдени мұрасының ажырымас бөлігі, сондықтан да басқа халықтар мен мемлекеттердің тарихи тәжірибесіне зерделей қараудың еліміздің құқықтық жүйесі үшін маңызы зор. Мемлекетіміздің сыртқы байланысының дами түсуіне орай шетел азаматтық құқығын білудің әрбір заңгер үшін, оның ішінде цивилистер үшін мәні ерекше.

Маман – цивилист шетел азаматтық құқығымен қоса халықаралық жеке құқықты да оқып – үйренуі керек.

Халықаралық жеке құқық дегеніміз мемлекеттің жеке ішкі заңдарын, халықаралық шарттар мен әдет – ғұрып нормаларымен біріктіретін кешенді құқықтық жүйе болып табылады. Бұл жүйе коллизиялық – құқықтық және материалдық-құқықтық әдістемелерге сүйене отырып, халықаралық сипаты бар қатынастарды, яғни мүліктік және жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттейді.

4. Азаматтық заңның күшідеп заң күшіне енгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысанын айтамыз. Азаматтық заңдардың күшіне ену тәртібі Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның VII тарауына сәйкес жүзеге асырылады. Осы заңның 36 –бабына орай нормативтік –құқықтық құжаттар төмендегідей мерзімде:

1)Қазақстан Республикасының заңдары,Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары,Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары,егер сол актілердің өзінде немесе олардың күшіне енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмесе,олар алғаш рет ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның палаталарының қаулылары,егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмесе,алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап;

3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімдері олар қабылданған күннен бастап;

4)орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы Үкімет құрамына кіретіндерінің де,кірмейтіндерінің де,оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының,Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай –ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері –егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмесе,алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.