XREFF.RU


Кәсіпорынның айналым капиталының мәні мен құрылымы



Если Вам понравился сайт нажмите на кнопку выше

Кәсіпорындардың іс әрекеттерін қаматамасыз етудегі міндетті шарт қолда бар айналым қаражаттарының болуы.

Айналым қаражаттары - бұл өндірістік айналым қорын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін аванстаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.

Айналым қаражаттарының мәні – ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағанда айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Айналым қаражаты
Өндірістік айналым қорлары Айналыс қорлары
Өндіріс қорлары Аяқталмаған өндіріс және өзі дайындағанжартылай фабрикаттар Алдағы кезеңдегі шығындар Қоймадағы дайын өнімдер Жолдағы тауар (тиелген өнім) Ақшалай қаражаттар Өнімді тұтынушылармен есеп айырысудағы қаражат
Нормаланатын айналым қаражаты Есеп айырысу қаражаты Банктегі ағымдық есепайырысу

Сурет 7 - Айналым қаражатының құрамы мен құрылымы

Айналым қаражатының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындарындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.

Айналыс қорлары – құндық түрдегі өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорлары жиынтығын сипаттайтын активтер, кәсіпорын мүлігінің бір бөлігі. Бұл өндірістегі, қоймалардағы өндірістік запастарды жинақтау, жабдықтаушылармен, бюджетпен есеп айырысу, еңбек ақыны төлеу үшін кәсіпорынға қажетті ақша қаржылары. Айналым қорларының құрамы оны құраушы элементтердің жиынтығын сипаттайды.

Айналыс қорлары - өндіріс үрдісінің міндетті элементі, өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Өнім бірлігіне шаққандағы шикізат, материалдар, жанармай мен энергия шығындары аз болған сайын, оның өндірісіне шығындалатын еңбек үнемді шығындалады, соншалықты өнімнің құны да төмен болады.

7 суретте көріп отырғанымыздай өндірістік айналым қорлары үш бөліктен тұрады. Оның әрқайсысына тоқталсақ:

· өндіріс қорлары - өндірістік үрдісті жүргізу үшін дайындалған еңбек құралдары. Оларға жататындар: шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жанармай, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен бұйым бөлшектері, негізгі қорларды жөндеуге қажетті бөлшектер;

· аяқталмаған өндіріс және өзі дайындаған жартылай фабрикаттар – өндіріс үрдісіне түсетін еңбек құралдары. Оларға жататындар: материалдар, деталдар, шығарылу немесе жиналу үрдісіндегі түйіндер мен нәрселер, және де қандай да бір мақсаттармен өндірісі толық аяқталмаған, ал басқа мақсатта кейін қайта өңделуге түсетін өзі дайындаған жартылай фабрикаттар;

· алдағы кезеңдегі шығындар – бұл берілген уақыт аралығынада (тоқсан, жыл) жаңа өнімді дайындауға кететін шығындарды қосқандағы бірақ болашақ кезеңдегі өнімге қатысты айналым қорының беймүлік элементтері.

Айналыс қорлары келесі элементтерден тұрады:

· қоймадағы дайын өнімдер;

· жолдағы тауар (тиелген өнім);

· ақшалай қаражаттар;

· өнімді тұтынушылармен есеп айырысудағы қаражат.

Айналым құралдарының кейбір элементтерінің арақатынасы немесе олардың құрам бөліктері айналым қаражатының құрылымы деп аталады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және олардың дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмағай өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

Аталып кеткен айналым қаражаттарының элементтері жоспарлану деңгейі бойынша нормаланатын және нормаланбайтын айналым қаражаттарына бөлінеді.

Нормалау – кәсіпорынның қалыпты жұмы істеуіне қажетті экономикалық қорлар мөлшерін және айналым қаражаттарының элементтері бойынша нормативтерді орнату.

Нормаланатын айналым қаражаты қатарына негізінен өндірістік айналым қорлары мен дайын өнім кіреді.

Мұндағы тауар жөнелту және жолдау мен дебиторлық берешек нормаланбайтын айналым қаражатына жатады.

Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептерді ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қааражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр, өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен.Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т.б.

Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да енбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.

Айналым қаражаттарын қалыптастыру үшін меншікті, қарыздық және тарлыған айналым қаражаттары бөлінеді.

Меншікті айналым қаражаттарынң жалпы мөлшерін кәсіпорын өзбетімен орнатады. Негізіне ол жоспарланған өндіріс көлемін қамтамасыз етуге және өнімдерді таратуға сонымен қатар бекітілген мерзімге сәйкес есеп айырысуды өткізу үшін қажетті тауар-материалдық құндылықтар қоры құру үшін ең аз мөлшердегі тұтыну құралдарына байланысты анықталады.

Кәсіпорын қаржылық жоспарлау үрдісінде меншікті айналым қаражатының нормативінің осімі мен кемуін ескере отырып, жыл соңындағы норматив пен жоспарланған кезең басы арасындағы айырмшылықты анықтайды. Меншікті айналым қаражат номотивінің өсімі бірінші кезекте меншікті ресурстар арқылы қаржыландырылады.

Түсімнен басқа меншікті айналым қаражатын толықтыру үшін орнықты пассивтер қолданылады және олар меншікті қаражаттарға теңестіріледі.

Орнықты пассивтер болып оған жатпаса да (мысалы, алдағы төлемдер резерві) кәсіпорын үнемі қолданатын пассивет жатады.

Жыл бойы кәсіпорынның айналым қаражаттарына қажеттілігі өзгеру і мүмкін, сондықтан айналым қаражаттарын меншікті табыс көзері негізінде толығымен қалыптастыру аса маңызды емес. Бұл кейбір жағдайларда артық айналым қаражаттарының құралуына және оларда ынтаның экономикалық қолданылуының нашарлауына әкелуі мүмкін. Кәсіпорын сондықтан айналым қаражаттарын қаржыландыру үшін қарыздық қаражаттар қолданады.

Айналым қаражатындағы қосымша қажеттілік банктің қысқа мерзімдік несиелерімен қамтамасыз етіліп, уақытша қажеттіліктермен уағдаланады.

Кәсіпорынның айналымында меншікті және қарыздық қаражаттардан басқа тартылған қаражаттар болады. Бұл несиелік қарыздардың барлық түрі және де толық қаржыландырылған тікелей белгіленген жеріне байланысты қолдану құралдары.

Өндірістің нәтижелігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік ай­налым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.

  • Карта сайта